Буденный орта мектебі
Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде.Абай.
Табу русказ
 
басты бет мектеп тарихы мұғалімдер тәрбиешілер мектептің мақтанышы әдістемелік қызмет тәрбиелік жұмысы біздің жетістіктер автор туралы

   Мектеп 1974 жылы құрылған, ал бұрын бір қабатты мектеп ғимараты «Юбилейный» мәдениет уйінің қасында орналасқан болатын. Мектепте директор қызметін атқарғандар Лесников Виталий Яковлевич (1961-1967ж.), Тлеубаев Узбек Досполович (1967-1970), Кочеврягин Виталий Васильевич (1970-1974ж.), Лихачёв Сергей Федорович(1975-1979ж.), Баган Владимир Петрович(1979-1983ж.), Штома Владимир Павлович(1983-1990ж.), Дощанов Мурат Ғалымұлы (1990-2012ж.), Уразбекова Шынар Бақытжанқызы (2012-2014ж.) 2014 жылғы қазан айынан бастап мектеп директорының міндетін атқарушысы ретінде биология мұғалімі Дощанов Дулат Ғалымұлы жұмыс істейді. Бүгінгі күнде мектепте 111 оқушы білім алады, 30 мұғалім, 1 жантанушы, 2 тәрбиеші жұмыс істейді. Мектептің педагогтар ұжымы шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін мақсатты бағытталған жұмыс жүргізеді.

   Қазіргі уақытта Буденный орта мектебі толық кадрлармен қамтылған, жұмыс істейтін мұғалімдердің орта жасы 40 жас шамасында. Бұл ұстаздар өз ісінің керемет шеберлері. Солардың ішінде атап өтсек, Онуфриенко С.Н., Дощанов Д.Г., Дощанова Г.Б., Воронцева С.Ю., Клинг И.Н., Клабукова И.А., Айкенова А.Ж.,Доценко А.А., Тимохова Т.В., Дощанов С.Г., Мусабаев С.Ж.Барлық мұғалімдердің жоғары білімдері бар. Педагогтар ұжымының 30% артық жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар мұғалімдер.

   Будённый орта мектебінің өмірінде атақты атаулы күндер де аз емес. 2001 жылы мектепте компьютерлер орналастырылды. Мектепті техникамен қамтуда «Буденный» ЖШС басшысы, село округінің әкімі үлкен көмек көрсетті, яғни мектепке караоке, музыкалық орталық және сканер сыйға тартылды. Қазіргі кезде мектепте информатика кабинеті бар, 2010 жылы жаңа физика және химия кабинеттері, 2011 жылы –лингофондық кабинеттер әкелінді. 2002 жылдан бастап Мегалайн желісі бойынша Ғаламторға шығыс ашылды. Компьютерлік техника тек қана информатика сабақтарында ғана емес, ал барлық пәндер бойынша қолданылады. Оқыту үдерісінде компьютерлік техниканы қолдануда пән-мұғалімдерге информатика мұғалімі Дощанова Гүлжан Байғарықызы үлкен көмек көрсетеді.

   Мектеп директордың м.а. Дощанов Д.Г. басқаруымен мектеп ұжымы оқытудың жаңа әдістемелерімен мен тәсілдерін іздестіруде, оқыту үдерісін қызықты және танымды ету үшін барлық қажетті жұмыстарды орындайды. Әр баланың даму мімкіншілігіне сай мұғалімдер оқыту үдерісіне жаңа технологиялар енгізуге тырысады. Мұғалімдер оқыту үдерісі барысында нәтижелі оқыту формалары кең қолданылады, мысалы қос оқушы, топтық, КВН сабақтары, сайыс сабақтары. З деңгейлік базалық курстан өткен сертификатталған мұғалімдер Клабукова И.А., Клинг И.Н., Жумалдина А.Б., Тимохова Т.В.Кембридж университеті бағдарламасы бойынша 7 модульдік тәсілдерін өздерінің сабақтарында қолданады.

   Өткен ғасырдың аяғында, 90-ншы жылдарына дейін интернат болған, онда басқа аулдардан (Кызыл-Ту, Маковка)оқушылар тұрды. Сонда Беккер Ольга Сергеевна өте мейірімді, ақылды мұғалім тәрбиеші болып істеген. 2001-2002 оқу жылынан бастап мемлекеттік және орыс тілінде оқытылатын мектепалды даярлық сыныптары ашылды. 2015 жылы орыс тілімен оқытылатын мектепалды даярлық сыныбында -15 оқушы, тәрбиешісі Бекбулатова Жанар Тугзакқызы. 2006-2007 оқу жылында мемлекеттік тілде оқытылатын шағын-орталық ашылды, қазіргі уақытта шағын орталықта-33 тәрбиеленуші бар, тәрбиеші- Мурзамагамбетова Анар Әлімқызы, тәрбиешінің көмекшісі- Бексултанова Дина Ысқаққызы.

   Мектепте дене шынықтыруға және спортқа көп көңіл бөлінеді, оқушылар барлық аудандық және облыстық спартакиадалар мен жарыстарға қатысады. Біздің командаларымыз барлық әр түрлі жастарда Денсаулық Күніне, Жеңіс Күніне арналған атыстан, футболдан, кросстарда жүлделі орындарға ие болды. Жеңіл атлетика, волейбол мен баскетбол үйірмелері жүргізіледі. Педагогтар ұжымының ішінде жарқын ұстаздарда болды, олар дене шынықтыру мұғалімдері Щукина Светлана Викторовна, Досекин Бақытжан Каримұлы. Туристтік саяхаттар, волейбол мен баскетболдан спорт секциялары оқушылардың естерінде жарқын із қалдырды. Бүгін осы жұмысты жауапты, қайырымды ұстаздар жалғасытырп жүр- Мусабаев Серік Жаксалыкұлы, Дауринбеков Азиз Муратұлы және Мусабаева Ирина Сериковна. Технология мұғалімдері Мордвинова Людмила Яковлевна, Клинг Юрий Яковлевич, Аминева Ульзана Михайловна технологиядан оқушыларды қол еңбегіне баулиды, музыка мұғалімі Шабунько Александр Федорович 30 жылдан артық музыка мұғалімі болып жұмыс істеп келеді, хордың , "Карамельки" балалар вокал тобының жетекшісі. Оның тәрбиеленушілері жыл сайын облыстық және аудандық көркем өнерпаздар фестивалінің мадақтамаларымен марапатталады. Өзі облыс әкімінің мадақтамасы мен медалімен марапатталды.

   Алғашқы ұстаз, әліппе оқулығы, жіңішке жол дәптерлеріндегі сызықша-таяқшалар- бұл мектеп өмірінің басы болып саналады, мектептегі оқудың негізі. Өз жүректерінде барлық балаларға орын тапқан ұстаздарды еске алғымыз келеді. Олар Телешева Анна Андреевна, Штома Валентина Никитична, Максименко Матрена Ананьевна, Фёдорова Тамара Александровна, Снарова Александра Николаевна,Клабукова Ирина Рейнтгольдовна,КенжетаеваБалсарыБалтабаевна, Игушкина Елена Геннадьевна. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі – мықты біріккен шығармашыл мұғалімдер ұжымы. Воронцева Светлана Юрьевна, Клабукова Ирина Александровна,Нурмагамбетова Татьяна Багиткиреевна, Бабчук Светлана Сергеевна, Сагимбаева Алмагүл Муратбекқызы, Тулебаева Айна Есілқызы–бұл мұғалімдердің ұстаздық тәжірбиелері бай, көптеген ұрпақтарымызға тәрбие берген ұстаздар. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігін басқаратын қадірлі педагог Воронцева С.Ю. Оқушыларды жан жақты дамыту бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысында әр қашан басты міндет болып саналатын. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін орфографиялық оқу, проблемалық жағдаятты құру әдістемелері қолданылды. Біздің оқушыларымыз жыл сайын «Ақбота», «Русский медвежонок», "Кенгуру математик" атты интелектуалдық марафондарының республикалық және халықаралық турларына қатысады. 2004-2005 оқу жылында 4 сынып оқушылары Рыбчанский Павел мен Кутч Елена «Ақбота» интелектуалдық марафонында жоғары ұпай жинағандары үшін, естелік сыйлықтармен марапатталды, 2011 жылы 4 сынып оқушысы Ефименко В., Штоколов К., Есентемирова А. "Кенгуру -математик" ойынында 1 орынға ие болды. 2014 жылы Мартынов Ринат - "Русский медвежонкта" 1 орынға ие болып, сыйлықпен марапатталды. Бастауыш сынып оқушыларының аудандық олимпиадалардағы жеңімпаздары - Абилова Д., Штома Я., Логунова Л., Рахметова А., Балабаева Д.Абилова Дайяна 2012 жылы математикадан облыстық олимпиадада 1 орын алды. Бастауыш сынып мұғалімдері дарынды балалармен жұмыс жүргізуге көп көңіл бөледі. Әрине оқыту үдерісі тәрбие жұмысысыз бола алмайды. «Бірінші сыныпқа қабылдау», «Күз мерекесі», «Жаңа жыл», «Наурыз», «Аналар күні», «Әліппемен қоштасу» мерекелері мектепте дәстүрге айналды. Бастауыш сынып мұғалімдері Клабукова И.А., Воронцева С.Ю., Сагимбаева А.М., өздері құрастырған сценариялармен, мерекелерге қатысты материалдарымен бөліседі.

   Біздің мектебіміздің гуманитарлық бағытының мұғалімдерінің арасында ерекше атап өтсек, олар Горшт Нина Егоровна, қазір ол кісі-зейнеткер, Кривчун Светлана Алексеевна, Трошина Марья Ивановна, Ергалиев Омархан Ергалиұлы, Яныкина Галина Ивановна, Исмакова Әсел Ғабитқызы. Олар өздерінің ұзақ ұстаздық өмірлерінде қаншама түлектерді мектептен шығарып салды, мыңдаған оқушыларға өздерінің мейірімді жандары мен кең жүректерінде орын табылды. Орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Әлімова Қорлан Төлеубайқызы өзінің жоғары кәсіпқойлығымен, терең білімділігі мен пәнге деген сүйіспеншілігімен ерекшеленетін, яғни осы қабілеттерді оның жұмысында ашық байқауға болатын. Оның оқушылары аудандық олимпиадаларға белсенді қатыса отырып, жүлделі орындарға ие болды: 1998 жылы–6 сынып оқушылары арасында әдебиеттен I-ші орын - Снарова Н., 1999 жыл –7 сынып оқушылары арасында әдебиеттен- I-ші орын – Андриенко В., 2003 жылы 10 сынып оқушылары арасында әдебиеттен III-ші орын- Беляева Е. «И вздрогнет занавес..» атты байқауында пьесалардың, ертегілер мен мысалдардың қойылымын қою мектептің жақсы дәстүріне айналды. Сонымен қатар орыс тілі мен әдебиет мұғалімі И.Н. Клингтің жұмысын ерекше атап өткен жөн, ол шығамашыл, жан-жақты ойлайтын адам, сонымен қатар қоғамдық-гуманитарлық бағытының ӘБ жетекшісі.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға да көп көңіл бөлінеді. Мектепте қабырға газеттері, жұмбақтар мен ертегілер кітабы, оқушылар өздері жазған өлеңдер жинағы шығарылады. Кожеко Николайдың, Григорьева Людмиланың,Ергалиева Диананың, Дощанова Розаның, Мордань Иринаның, Мордань Ларисаның өздері шығарған өлеңдер жинақтары аудан білім бөлімінің мадақтама қағаздарымен марапатталған. Тілдер апалығы өте қызықты өтеді, оқушылар жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы әдебиет газеттерін шығарады. Өздерінің жетістіктері мен оқушыларының жетістіктерімен мақтан тұта алатын мұғалімдер аз емес, мысалы Муканов Бақыт Серікұлы- оның оқушылары Рахимов Азамат пен Жубанова Әсел облыстық және аудандық олимпиадаларда 3 орынға ие болды, Искулова Күлсара Салимжанқызы,оның оқушысы Полупан Валерия 2 жыл ішінде орыс тілінен аудандық олимпиаданың жеңімпазы атанды (2013,2014), сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері кутубаева Тоты Кәрімқызы, Жумалдина Айзада Бақытжанқызы, Айкенова Алмагүл Жанбыршықызы дайындаған оқушылар Келесбаева Ж., Есентемирова А., Амантаева А., Полупан В. бірнеше рет мадақтама қағаздармен марапатталды.

   Гуманитарлық бағытының әдістемелік бірлестігіне үлкен көмек көрсеткен мектептің және совхоз кітапханашылары Онуфриенко Галина Иннокентьевна және Шалова Жанна Мухтарқызы. Қазір мектепте бұл жұмысты жас кітапханашы Дощанова Марина Евгеньевна жалғастырып жүр. Жылда Балалар кітаптарының апталығы өткізіледі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына , Жеңістің 70 жылдығына арналған үлкен жұмыс атқарылды.

   Қазіргі уақытта ауыл жерлерінде мамандар болмағандықтан, шетел тілін жүргізу біршама қиыншылықтар тудырады. Мектеп өзінің керемет шетел тілі мұғалімдерін ұмытпайды, олар – Таранухина ЛидияМаксимовна, ол француз тілі мұғалімінің қызметінің қатарында 20 жылдан артық оқу ісінің меңгерушісі болған, Надточий Милина Ивановна, Уразова Балдырган Жунусовна- неміс тілі мұғалімдері. Бұл мұғалімдер өздерінің жұмыс тәжірбиесінде үнемі жаңа қызықты әдістемелер мен технологиялар іздестіруде болды. Шетел тілі мұғалімдерінің басты міндеті- тілді сапалы және терең оқыту. Қазіргі ағылшын тілінен сабақ беретін жас мұғалім Беркенова Альмира Кадырқызы, оның оқушысы Цвецих Игорь 2014 жылы аудандық олимпиадада 3 орынға ие болды.

   Жаратылыстану- математикалық бағыты мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі оқыту үдерісінде маңыздылығы кем емес, әдістемелік бірлестігінің жетекшісі математика және химия мұғалімі Доценко Анастасия Алексеевна. Білім сапасын арттыру үшін еңбегі сіңген мұғалімдерге бас иеміз, олар Басова Нина Дмитриевна (математика), Штома Владимир Павлович (математика), Ергалиев Омархан Ергалиевич (география), Орлова Надежда Николаевна (химия), Баева Людмила Николаевна (математика), Баев Александр Иванович (физика), Таранухин Анатолий Степанович (физика), Плюхина Наталья Алексеевна (химия, биология), Дощанов Мурат Ғалымұлы(биология).2015-2016 оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағытының әдістемелік бірлестігіне география мұғалімдері Онуфриенко Сергей Николаевич пен Султанова Ризагүл Жумағалиқызы, биология мұғалімдері Серикова Наталья Павловна мен Дощанов Дулат Ғалымұлы, физика пәнінің мұғалімдері Тимохова Тамара Владимировна и Муртазина Кулянда Салимжановна, информатика мұғалімі Дощанова Гүлжан Байғарықызы. Біздің мектебіміздің оқушылары математикадан, химиядан, биологиядан, географиядан аудандық турлық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Доценко А.А. оқушылары химиядан және Тимохова Т.В. оқушылары физикадан жыл сайын оқушылардың ғылыми жұмысы аудандық байқауында жүлделі орындарға ие болып жүр. ОларСуйменбасов М., Жубанова А., Короп К., Логунова Л., Полупан В. 5 сынып оқушысы Балень Валерия, С.Н. Онуфриенконың сапалы дайындығының арқасында жаратылыстанудан аудандық олимпиадада 3 орын алды. Дощанова Г.Б. оқушылары жыл сайын информатикадан оқушылардың аудандық және облыстық мультимедиялық жобалар фестивалінде жүлделі орындарға ие болып жүр (Короп К., Дощанов Т., Амантаев Д., Дейвальд А., Дощанов Г., Ергалиев Д., Ергалиева Д., Жолтаев А.). Информатика мұғалімі Қостанай облысының ақпараттандыру орталығының алғыс хатымен марапатталды.

   Мектептің міндеті тек қана білім беру емес, сонымен қатар тәрбие беру. Қазіргі заманғы талаптарға сай балаларды өмірге қадам бастыруда біз жауаптымыз. Сол үшін біздің мектебіміздің педагогтар ұжымы тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Аминева Ульзана Михайловнаның басқаруымен тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөледі. Мектептің мұғалімдер ұжымы көп жылдар бойы оқушылардың оқу және оқудан тыс қызметтерін үйлестіру жолдарын іздестіруде. Сабақтан тыс тәрбие қызметі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оның негізі қағидалары өз қалаулары және алдына мақсат қоя білу. «Білім Күні», «Мұғалімдер Күні»,"Денсаулық Фестивалі», "Тәуелсіздік Күні",«Жаңа жыл мерекесі», «8-Наурыз», "Наурыз", «Ауған Күні», «Жеңіс Күні»,«Соңғы қоңырау» мерекелерін өткізу біздің мектебіміз дәстүрге айналды. Ойындарды дамытатын тақырыптық сынып сағаттары өткізіледі. Жетекші Сидорук Оксана Николаевна жоғары сынып оқушыларының Кеңесімен тығыз байланыс жүргізеді. Мектепте "Жас қыран" және "Жас ұлан" атты екі балалар ұйымы бар, мектеп президенті Нани Алина өзінің активімен "Біз қайырымдылық жасаймыз" атты науқанын жүзеге асырады, үлкен үзілістерде қимыл-қозғалыс ойындарын өткізеді, өздерінің өткізген іс шаралары мен жетістіктерін БАҚ жариялайды.

   Мектепте әлеуметтік-психологиялық қызметті жас мамандар, жантанушы Климова Марина Сергеевна мен әлеуметтік педагог Тобылбаев Дархан Мажитұлы жүргізеді. Барлық ата-аналар жиналысында олар презентациялар мен баяндамалармен сөз сөйлейді, оқушылар мен олардың ата-аналарымен тренингтер, сауалнамалар, сұхбаттар өткізеді. Балалардың денсаулықтарын мектептің медециналық қызметкері Короп Светлана Анатольевна қадағалайды. Сауатты және жауапты іс жүргізуші Беккер Антонина Ивановна мектеп құжаттарын жүргізеді, ол бұйрықтарды жазу, алфавиттік кітабын толтыру, жеке іс қағаздарын бақылау,іс номенклатурасын құру және т.б. Отан сүю тәрбиесі бойынша түрлі іс шараларды өткізуге жауапты АӘД мұғалім-ұйымдастырушы, запас сержанті Дощанов Серік Ғалымұлы, ол 90-ыншы жылдары АӘД мұғалімі запас капитані Федоров Николай Тимофеевич құрған әскери-патриоттық клубының жетекшісі. Сонымен қатар Серік Ғалымұлы 5-8 сыныптарда "Юный стрелок" және "Уроки выживания" үйірмесін жүргізеді. «Алау» атты әскери-патриоттық клубы тыл еңбеккерлеріне, ауылдың зейнеткерлеріне көмек көрсетіп отырады, Жеңіс күніне арналған парадқа, "Бессмертный полк" атты науқанына және т.б. қатысады.

   Мектеп ұжымының айтарлықтай жұмысы, оның үлкен шығармашылық потенциалы-мұның бәрі оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Дощанова Гүлжан Байғарықызының еңбегі. Мектептің ең басты міндеті-ол балалар үшін қызмет ету. «Ұстаз! Бұл қандай ғажап мамандылық! Мамандылық емес, ал дарындылық деп айтуға болады. Көп адамдар өмірлерінде мүмкін ешқашан шахтер, ұшқыштың еңбектерімен кездеспес. Бірақ әр адамның өмірбаянында Мұғалім бар. «Ал біздің сыныпта мұғалім болып еді!»-деп өз әңгімелерін бастаған ата-аналардың жарқын жүздерін айтсаншы!»- деген оқушылардың сөздерісіз кітабымыз толық болмас.

Увеличить

Кочеврягин В.В.

Увеличить

Лихачев С.Ф. В.В.

Увеличить

Баган В.П.

Увеличить

Штома В.П.

Увеличить

Дощанов М.Г.

Увеличить

Ергалиев О.Е.

Увеличить

Таранухина Л.М.

Увеличить

Горшт Н.Е.

Увеличить

Штома В.Н.

Увеличить

Федорова Т.А.

Увеличить

Снарова А.Н.

Увеличить

Федоров Н.Т.

Увеличить

Баева Л.Н.

Увеличить

Плюхина Н.А.

Увеличить

Щукина С.В.

Увеличить

Алимова К.Т.

© 2000-2015 Гульжан Байгариевна Дощанова
 

В Контакте
Hosted by uCoz