Буденный орта мектебі
Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде.Абай.
Табу русказ
 
басты бет мектеп тарихы мұғалімдер тәрбиешілер мектептің мақтанышы әдістемелік қызмет тәрбиелік жұмысы біздің жетістіктер автор туралы

 Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары

 Аминева Ульзана Михайловна

  туған жылы: 25.10.1979
  технология пәнінің мұғалімі, 2005 жылы Қостанай әлуметтік-техникалық университетін бітірген,
екінші санатты,  күйеуде, ұлы мен қызы бар, "НУР ОТАН" партиясында біріккен

 БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕУЛЕДЕГІ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР


Интеллектуалдік мәдениет
Рухани-адамгершілік мәдениеті
Қазақстандық патриотизм, азаматтылық
Эстетикалық мсәдениет
Сауатты өмір сүру
Отбасылық тәрбие
Өзін-өзі тану , өзін жетілдіру талаптарын қалыптастыру
Әлеуметтік жекешелендірілген сапаны қалыптастыру
Коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру
Экологиялық мәдениет
Еңбектік және экономикалық тәрбие
Кәсіптік- шығармашылық тәрбие

 СПОРТ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, САУАТТЫ ӨМІР СҮРУ

Дене шынықтыру тәрбиесі, салауатты өмір сүруді қалыптастыру да сыртта қалған жоқ. Оқушылар жылда медициналық бақылаудан өтеді. Мектеп наркопосты қызмет атқарады. Денсаулық фестивалдері өткізіледі. Мектепте 2 спорт секциялары ұйымдастырылған (волейбол және жеңіл атлетика). Сыныптан тыс мерекелер мен іс шараларда дәстүрлі емес тәсілдерді қолдана отырып оқушыларды спорт секцияларына қатыстырып, дене шынықтыру мұғалімдері Мусабаев С.Ж. және Дауринбеков А.М. оқушылардың спорт сыныптан тыс жұмыстарына қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.Мектеп оқушылары волейбол, баскетбол, жеңіл атлетикадан аудандық спорт жарыстарға қатысады. Мектепте салауатты өмір сүру туралы әңгіме жүргізуге көп көңіл бөледі. Өткен оқу жылында мектеп медбикесі Короп С.А. мен ФАП меңгерушісі Шертанова Г.Г., кездесу кештерін ұйымдастырды, олар оқушылармен темек шегу, ішімдік ішу, есіртке, ВИЧ және СПИД алдын алу, тымау мен ОРВИ алдын алу, туберкулездін алдын алу бойынша сұхбат жүргізді. Оқу жыл бойы санитарлық-гигиеналық тақырыптар бойынша диктанттар жазылды: «Зиян әдеттер», «ОРВИ», «Туберкулез туралы не білеін». Сыныптарда мынадай сынып сағаттары өтті: “Денсаулық формуласы”, “Біз СӨС –біз.» «“ЖОҚ! –деп айта біл”, “Маңызды сұрақтар туралы әңгімелесу”, “Белгісіздік белгісіз туралы”. Оқу жыл бойы зиян әдеттер туралы он күндіктер өткізілді: шылым шегу, ішімдік ішу, есіртке, ВИЧ және СПИД алдын алу, тымау мен ОРВИ алдын алу, туберкулездін алдын алу. 2014-2015 оқу жылында мектептің мұғалімдер ұжымы Буденный село округінің әкімдігінің өкілі, уәкілдік берілгн участковый Жумалдин А.Т. бірлесіп құқық бұзушылықтын алдын алу бойынша ОПМ «Жасөспірім», «Жасөспірім-Заң- Қауіпсіздік», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» айлықтары ұйымдастырылды және өткізілді. Оқу жылында мектепте оқушылар үшін ыстық тамақтандыру ұйымдастырылды. Оқушыларды ЖК Тимохова Н.Н. тамақтандырды. Ыстық тамақтандырумен барлығы 109 оқушы қамтамасызданды (100%). Жалпы оқыту қорынан мектептін 30 оқушысы тегін тамақтандырылды. Ыстық тамақтанудын орта құны күніне 100 теңгені құрады. Мектепте мектептегі тамақтандыру ұйымдарын арттыру, дәруменді-минералды комплекстегі азық-түліктерді молайту он күндігі өтті. Ұйымдастырылып, өткізген іс шаралар: «Бау-бақшада не өседі?» сайысы, спектакль-мюзикл «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі»,1- 11 сынып оқушылары үшін «Оқушылардын дұрыс тамақтанулары», викторина «Дұрыс тамақтану», «Дұрыс тамақтану қағидалары» , «Дұрыс тамақтану туралы 10 кеңес», «Оқушынын дұрыс тамақтануы», «Қышқыл сүт тағамдарынын ағзаға әсер етуі» дәрістері оқылды. сынып жетекшілер «Дұрыс тамақтану негіздері», «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» тақырыптары бойынша әңгімелему жұмыстарын өткізді. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мәдениеті мен спортты дамытуды жүзеге асыру мақсатымен мектепте күнделікті таңертеңгі жаттығулар, қимыл-қозғалыс ойындар және сабақ барысында сергіту сәті өткізіледі.

 ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖҰМЫСЫ

Мектептегі тәрбие жұмысының басты бағыттарының бірі патриоттық тәрбие болып саналады. Патриоттыққа бағытталған іс шараларды ұйымдастыру және өткізу мақсаты, оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптасырады, өзінің еліне деген сүйіспеншілік пен оның тарихы мен дәстүрлерін қадірлеуге тәрбиелейді. Осы оқу жылында мектепте мынадай сынып сағаттар өткізілді: «Президенттің алға ұмтылуы – ел бақыты, жайнаған Қазақстан», «Өз Отаныңды сүюге және оның патриоты болуға қалай үйрету қажет», «ҚР Конституциясы –еліміздің ең басты саясатты-құқықтық құжаты», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері», «құқық және заң», «Өз құқығыңды біл», «Толеранттық әлемді қорғап қалады». Интернационалист ауған жауынгері И.В. Беляевты шақырумен ерлік сабақтары өтті. «Қазақстан халқының Бірлік Күніне» арналған мерекелік ісшаралар өткізілді. Іс шаралар ішінде 1-4 сыныптар арасында суреттер сайысы өтті, 5-11 сынып оқушылары түрлі ұлттардың салт-дәстүрін көрсетті, 10 сынып оқушылары, сынып жетекшісі Мордвинова Л.Я. басқаруымен қуыршақ театрын көрсетті, Оқушылар грамоталармен марапатталды. 5-11 сынып оқушылары «Юнные инспектора движения» атты аудандық байқауына қатысты. 7 сынып оқушысы Нани Алина «Юнный санитар» номинациясында грамотамен марапатталды. «Жеңістің 70 жылдығына» арналған, «Ешкім де, ештене де ұмытылған жоқ» деген әскери-патриоттық жұмысының айлығы өтті. Мынадай шаралар өткізілді: салтанатты жиын, 1-11 сыныптар, шағын-орталықтың тәрбиленушілері , 5-11 сыныптар арасында саппен жүру және әндету байқауы өтті.Сынып жетекшілермен «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы туралы» 1-11 сыныптарда әскери-патриоттық тақырыбы бойынша сұхбатттар өтті, 1-4 сыныптарда «Ешкім де, ештене де ұмытылған жоқ», 5-11 сыныптарда «ҰОС жылдарындағы Қазақстан» тақыррыптары бойынша сынып сағаттар өткізілді, мектеп спорт залында 8-10 сынып оқушылары арасында противогаздарды кию, алғашқы медициналық көмек көрсету жарыстары өтті, стадионда5,9,11 сыныптарда Президенттік тестілеу өтті. 1-4 сынып оқушылары арасында «Жеңіс үшін рақмет!» сурет сайысы өтті. ең үздік жұмыстар грамоталармен марапатталды, бірінші қабатта «Ұлы Жеңіске арналады.....» деген селомыздың ардагерлері туралы ақпараттық стенді рәсімделді. Мектеп кітапханасында «Вспомним всех поименно» ұлы отан соғысына қатысқан қазақ-батырлары туралы кітап көрмесі рәсімделді: М. Маметова, Т.Бегельдинов, А.Молдағұлова, Б.Момышұлы, панфилов-батырлары. Еңбек ардагерлері : Жуковский В.Н., Цымбал Н.И. шақыруымен «Поклонимся великим тем годам» жалпы мектепшілік шарасы ұйымдастырылып өткізілді. 5-8 сынып оқушылары жауынгер ескерткішіне гүлшоқтарын қоюға қатысты, « Бессмертный полк» ұйымдастырылды. Оқушылар ҰОС ардагерлерінің, аталары мен арғы аталарының портреттерімен мерекелік концертке қатысты, 3-9 сынып, өлеңдер оқыды, соғыс, сарбаздар, Жеңіс туралы әндер айтты. Әскери әндерін орындаумен, ең үздік марш жүрісі өтті. Бірінші рет байқауда шағын-орталықтың тәрбиленушілері белсенді қатысты. Жеңімпаздар 7,6,5 сынып оқушылары 1 орынды 7 сынып оқушылары, сынып жетекші Дощанова М.Е., 2 орынды 6 сынып оқушылары, сынып жетекші Серикова Н.П., 3 орынды 5,7 «А» сынып пен 6,8 «А» сынып оқушылары алды, сынып жетекшілер Искулова К.С. және Кутубаева Т.К. Оқу жыл бойы қыркүйек айынан бастап мамыр айына дейін 8-10 сынып оқушылары ардагерлер Жуковский В.Н., ЗолотаренкоТ.А., Цымбал Н.И. көмектесті, -балалар бақшаларын қазып берді. Қажеті бойынша көмектесіп тұрды. Айлық ішінде Жеңіс парадына дайындық жүрді. 9 мамырда сағат 10 :00 Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына арналған салтанатты митинг өтті. Мерекелік митингте 1-11 сынып оқушылары қатысты. 5-8 сынып оқушылары Боровской с. мрекелік концерт пен парадқа қатысты.

 ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

Мектепте эстетикалық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.Көркем-эстетикалық талғамдарын дамыту, сұлулық сезімін сезіну оқу жыл бойы мерекелер, концерттер, көрмелер арқылы жүзеге жетті. Бұл Мұғалімдер күнін, Қарттар күнін, Наурыз мейрамына қойылымдар, бастауыш сыныптарда аналарға үшін концерт, белгілі мерекелер күніне қарсы музыкалық композициялар. «Күзгі қиял-ғажайыптар», «Жаңа жыл ғажаптары» , «8 наурыз», «Жеңіс үшін рақмет!». Мектеп оқушылары КВН, ЮИД, «Айгөлек» аудандық байқауларына қатысты. 8 сынып оқушысы Шабунько Илья мен балалар вокал тобы Аудандық Білім Бөлімінің грамоталарымен марапатталды.

 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ

Экологиялық сауаттылық мектепте жалпы мәдениеті өсуіне әсер етеді, адамгершілік, бүкіл жер шары, өзін қоршаған орта үшін жауапкершілікті сезіну қабілеттерін қалыптастырады. Жоспар бойынша Қоршаған орта дүниежүзілік күні, «Күзгі бал», Қар мерекесі ( таза ауада ойындар) мерекелері, «Күзгі ғажайыптар», «Менің өлкемнің табиғаты» суреттер сайысы, «Гүлдер күні», «Экология және балалар», «Қазақстан экологиясының қазіргі замандағы проблемалар» тақырыбына әңгімелесу жұмыстары өткізілді. Сынып жетекшілер жыл сайын экология айлығын өткізеді. «Селоның жайнауы-Қазақстанның жайнағаны» республикалық науқанын өткізу мақсатымен сәуір айында Экология апталығы өткізілді,мұнда мынадай экологиялық сабақтар көрсетілді: «Қызыл кітап»- 6 сынып, «Жануарларды қорғау»- 7 сынып, «Адам және қоршаған орта»- 2-8 сыныптар, «Өсімдік және жануарлар әлемін қорғау және қазіргі уақытта жағдайы »-9 сынып; экологиялық мереке «Жерімізді көгілдір және жасылдай сақтайық»; экологиядан сыныптан тыс іс шаралар «Сиқырлы сандықша», «Автомобилдерге сот жүргізу», «Ормандар-біздің әлемнің өкпесі»; суреттер көрмесі «Табиғат үнін бұзба».Мектеп алдында жер учаскісі бар, мұнда оқушылар көкөністер, гүлдер отырғызады, мектеп клумбалары мен газондарды күтіп, бақылап отырады. Жыл сайын, көктемде де, күзде де мектеп оқушылары мектеп ауласында және село округінің аймақтарында ағаштар мен бұтақтардың көшеттерін отырғызады. Сәуір-мамыр айында «Ең үздік мектеп ауласы», «Таза жаға, таза көше, таза аула» атты экологиялық науқандары, бір күндік саяхаттар мен экскурсиялар өтті.

Документ жанартылған:

Увеличить

Наурыз мерекесі

Увеличить

Наурыз мерекесі - Тусау кесу

Увеличить

Юные инспектора движения

Увеличить

Аудандық жол жүру сайысы

Увеличить

Шертанов Аскар на конкурсе Жас аскер

Увеличить

"Алау" патриоттық клубы(2011г.)

Увеличить

Противогаз кию сайысы

Увеличить

Жеңіс күні мерекесі >

Увеличить

Соғыс ардагерлеріне көмек

Увеличить

Абилова Дайяна- жас эколог

Увеличить

Спорт-бұл өмір!Спорт клубы Факел

Увеличить

Летняя площадка

Увеличить

Шабунько и. и Тулегенов Н.облыс фестивалінің жүлдегерлері

Увеличить

"Карамельки" балалар вокалдық тобы

Увеличить

Кітапшалық аптасы. Кітапханашы Дощанова М.Е.

© 2000-2015 Гүлжан Байғарақызы Дощанова
 

В Контакте
Hosted by uCoz